Галина Вишневская, биатлон, казахстан
Галина Вишневская
20 желтоқсан күні Алматы қаласында "Алатау" шыңғы-биатлон кешенінде биатлоннан ҚР IV қысқы Спартакиадасы аралас эстафеталық бәсекемен басталды. Аталмыш сынға Қазақстанның 9 аймағынан 125 спортшы қатысуда.
Жекелей аралас эстафетада
Алина Райкова мен Тимур Хамитгатин бастаған Ақмола облысының құрамасы жеңіске жетсе, күмі жүлде шығысқазақстандық жұп Галина Вишневская мен Василий Подкорытовтың еншісінде. Людмила Ахатова мен Владислав Киреев жұбы (Қарағанды облысы) 3-орынға ие болды. [b]Жекелей аралас эстафета. [/b] 1. А.Райкова/Т.Хамитгатин (Ақмола о) 39:38 (1 қате) 2. Г.Вишневская/В.Подкорытов (ШҚО) 40:03 (2 қате) 3. Л.Ахатова/В.Киреев (Қарағанды о) 42:43 (1 қате) 4. У.Куркина/Т.Куц (Павлодар о ) 43:32 (0 қате) 5. Е.Хрусталева/Д.Кенешов (Алматы о) 44:07 (0 қате) Жекелей аралас эстафетаның ізін ала "супермикст" (командалық аралас эстафета) бәсекесінде биатлоншылар сынға түсті. Бұл жарыста А.Сасина, Д.Усанова, М.Браун, А.Пантов бастаған Павлодар облысының құрамасы жеңімпаз атанса, 2-3 орындарды ШҚО құрамасы мен Ақмола облысының құрамалары өзара бөлісті.
Супермикст.
1. Павлодар облысы (А.Сасина, Д.Усанова, М.Браун, А.Пантов) 1:15.19 (1 қате) 2. ШҚО (О.Полторанина, Е.Бельченко, А.Трифонов, В.Витенко) 1:16.00 (2 қате) 3. Ақмола облысы (А.Кондратьева, А.Слепенко, Д.Черняев, П.Ермоленко) 1:20.16 (3қате) Ертең жарыстың екінші күні ерлер мен әйелдер спринт бәсекесінде күш сынасады.

 

Источник: kazsports.kz